Кіші Крис Юбэнк: Головкин екеуіміз 2017 жылы айқасатынымызға сенімдімін

АСТАНА. ҚазАқпарат - IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы кіші Крис Юбэнк (24-1, 19 КО) орта салмақ королі Геннадий Головкинмен (36-0, 33 KO) кездесуге мүдделі.

Кіші Крис Юбэнк: Головкин екеуіміз 2017 жылы айқасатынымызға сенімдімін

5 ақпан күні түнде Лондон қаласында Юбэнк австралиялық Ренолд Куинланды техникалық нокаутпен жеңіп, IBО белбеуін иеленді. Британдықтың ендігі арманы - WBC, WBA, IBO және IBF белбеуінің иегері Геннадий Головкинмен жекпе-жекке түсу. 

«Біздің айқас міндетті түрде болады. Мен де жанкүйерлер секілді оның өткенін қалаймын. Мен екі жыл бойы Головкинді жекпе-жекке шақырып келемін. Екеуміздің 2017 жылы айқасатынымызға күмән келтірмеймін», - деген Юбэнктің сөзін келтіреді BoxingScene.

Еске сала кетейік, Головкин 18 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) рингке шығады.