Кіші Крис Юбэнк: Головкин тым көп ақша алғысы келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы кіші Крис Юбэнк (23-1, 18 КО) iFL TV берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) кездесуден бас тартпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

- Мен бұрынғыша бұл жекпе-жекті өткізгім келеді. Біз Головкинге және оның командасына кездесуді ITV телеарнасынан көрсетуді ұсындық, бірақ бұл ұсыныс олардың көңілінен шықпады. Бірақ, басты мәселе - ақша. Головкин өте көп ақшаны қалайды,  - деді Юбэнк.

Еске сала кетсек, Головкин - Юбэнк жекпе-жегі биылғы желтоқсан айында болуы тиіс еді, алайда боксшының әкесі, үлкен Юбэнк кездесуді ұйымдастыруды толық өз қолына алғысы келгендіктен, келіссөздер тығырыққа тіреді. Өткен аптада кіші Юбэнк өзінің келесі қарсыласы австралиялық Ренолд Куинлан (11-1, 7 КО) болатынын мәлімдеп, тағы да сынның астында қалды. 

Соңғы жаңалықтар