Кіші Крис Юбэнк: «Головкиннің титулдарын тартып аламын»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы Ұлыбритания чемпионы кіші Крис Юбэнк Геннадий Головкинді жеңетініне сенеді, деп жазды Sports.kz.
«Головкин әлі ТОП-дәрежесінде деп ойлаймын. Соңғы жекпе-жегінде оның күшінің азайғанын не оның қартайғанын байқамадық. Ол жеңілмеген және бокста накауттар саны бойынша үздіктердің қатарында. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Алайда мен өз-өзіме сенімдімін және ол маған әсер етеді деп ойламаймын. Мен шаршы алаңға аман қалу мақсатымен шыққым келмейді. Мен оның барлық белдеуін тартып алу үшін шығамын. Мен одан қорықпаймын», - деді кіші Юбэнк Boxingscene.com.
«Оның кемшіліктері мен осал тұстарын байқадым. Оны өз пайдама жарата алатыныма сенемін. Ол жеңілмейтін құбыжық емес. Оның да менікіндей екі қолы, екі аяғы мен соғып тұрған жүрегі бар. Мен оны жеңе аламын және діттегеніме жетемін. Оның белдеулерін тартып алуға барамын», - деді ол.