Кіші Талдыкөл зиянды заттардан тазартылады, көлдің суы сақталады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кіші Талдыкөлдің сулы-батпақты жері зиянды заттардан тазартылып, суы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта суының ластану дәрежесі «өте лас» деп саналады. Органика қоспалардың шіруі және қоқыстың жиналуы нәтижесінде су айдынынан жағымсыз иіс шығады және жәндіктердің (маса, кене) және т. б. таралу ошағы. Кіші Талдыкөл – ағынды су жиналған орын, үлкен Талдыкөл көлімен табиғи байланысы жоқ және жер үсті ағындары мен жер асты сулары арқылы өзара қосылмайды.
Зерттеу нәтижесінде негізгі иондар (қатты, кальций, магний, хлорид), ауыр металдар (темір), улы заттар (фтор), биогендік заттар (аммиак азоты және нитрит) концентрациясы нормадан бірнеше есе асып кеткен. Сондай-ақ зерттеу нәтижесі бойынша шаруашылық -ауыз су, балық шаруашылығы және рекреациялық мақсатта пайдалануға болмайды.
Осылайша, жақын маңдағы аудандардың тұрғындары үшін қауіпсіздік пен жайлы өмір сүру мақсатында Кіші Талдыкөл зиянды заттардан тазартылмақ. 20 гектарға жайылған Кіші Талдыкөл су айдыны (Сығанақ көшесінің солтүстігі, Е22 көшесінің оңтүстігі, Тұран даңғылының шығысы және Ш.Айтматов көшесінің батыс жағы) сақталады. Сондай-ақ су деңгейін арттыру үшін түбін тереңдетіледі. Осылайша, батпақты жер тазартылған тоғанға, ал маңайы саябаққа айналады.

«Сулы-батпақты нысанның іргелес бөлігі игеріледі. Онда әлеуметтік нысандар орналасады: Тұрғын үйлер, 2,5 мыңға жуық оқушыға арналған оқу орны, балабақша, медициналық орталық және т.б. Қала Үкімет қаулысы бойынша бекітілген елорданың бас жоспарын іске асыру аясында салынып келеді. Бұл қаланың ықшам құрылысы. Мысалы, бір кездері Тұран даңғылы, «Хан Шатыр» СОО, «Зеленый квартал» ТК аумақтары да батпақты болған», - деп хабарлайды елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы.
Талдыкөлдің (үлкен Талдыкөл) өз экологиялық инфрақұрылымы болатынын атап өткен жөн. Оның жанында қорық және орман-саябақ аумағы бар еліміздегі алғашқы табиғи парк ашылады. Ал екінші экопарк – Майбалық көлінің жаны да (әуежай бағытының оңтүстік-шығыс жағы) тартымды орын болмақ.
