Кишинеуде граната жарылысынан 36 адам зардап шекті
АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат - Кишинеуде граната жарылысынан 36 адам зардап шекті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Молдова Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Алла Мелека хабарлағандай, жарылыс сәрсенбі күні кешке қаланың орталық алаңында болған. Бұған дейін 15 адамның жараланғаны туралы хабарланған болатын.
«РГ-42 гранатасының жарылысынан зардап шеккендердің саны 36 адамға жетті, олардың 12-сі - ауруханада жатыр, біреуіне - операция жасалды», деп хабарлады Мелека ханым. Оның айтуынша, оқиғаның мән-жайын тексеру үшін Молдованың Ішкі істер министрлігі, Ақпарат және қауіпсіздік қызметі және Бас прокуратурасы өкілдерінен тергеу тобы құрылды.