Кишинев-Киев-Мәскеу-Ереван-Астана арасында суицид тақырыбында бейнекөпір өтеді

АЛМАТЫ. 27 шілде. ҚазАқпарат - 30 шілде күні Кишинев-Киев-Мәскеу-Ереван-Астана арасында «Суицид: қалай шектен шықпауға болады» деген тақырыпта бейнекөпір болады.
None
None

Оған Астанадан Психикалық денсаулық мәселелері мендициналық орталығының суицидологы, психиатр Екатериана Миронова, Ереваннан Армения ҰҒА-ның Философия, әлеуметтану және құқық институтының директоры Геворг Погосян мен ЕГУ-дің жалпы психология кафедрасының меңгерушісі Грант Аванесян, Кишиневтен Молдова медицина университетінің психиатрия және медициналық психология кафедрасының меңгерушісі Анатолий Наку мен Адам физиологиясы және биофизика кафедрасының магистрі Людмила Сидоренко, ал Ресейден Мәскеу психитария ғылыми зерттеу институтының суициодология бөлімінің меңгерушісі Евгений Любов пен В.Сербский атындағы әлеуметтік және сот психиатриясы  мемлекеттік ғылыми орталығының зертхана меңгерушісі Елена Дозорцева қатыспақ.

Мамандардың айтуынша, Ресей кәмелетке толмағандар арасындағы суицид саны бойынша ТМД ғана емес, күллі Еуропа елдері арасында бірінші орында тұр. Бұл елде жыл сайын 200-ден астам бала мен 1,5 мың жасөспірім өзі-өзіне қол жұмсайды. 100 мың адамға шаққанда суицид  көрсеткіші Қазақстанда - 30, Украинада  - 20, Молдовада - 17, Арменияда  2 адамды құрайды.

Соңғы жаңалықтар