19:56, 27 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Кишиневте жаппай қарсылық акциясы өтуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Молдовада үкіметке қарсылық митингілері өтуде, оған қатысушылар мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізуге шақырады, сондай-ақ ел преззиденті Николай Тимофтидің отставкаға кетуін талап етуде.
Тілшілердің оқиға орнынан хабарлауынша, шеру бейбіт түрде өтуде. Шеру аяқталғаннан кейін парламент ғимаратының алдында митинг3 өтуі тиіс.
Қарсылық акциясын екі оппозициялық партия - депутат Игорь Додонның социалистер партиясы мен Бельцы қаласының мэрі Ренато Усатыйдың біздің партиясы ұйымдастырды, деп хабарлады Би-би-си.