Кішкентай баланың ойынынан от шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 10 тамызда Алматы облысының Өтеген батыр ауылында көппәтерлі тұрғын үйдің дәретханасында қоқыс шелегі жанып, пәтер мен кіреберіс қатты түтіндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кішкентай баланың ойынынан от шықты

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт шығуына баланың отпен ойнауы себеп болған.

Өрт сөндірушілер есікті бұзып, пәтерге кіріп, құтқару қалпақшасының көмегімен балконда тұрған 2015 ж.т. қызды эвакуациялады.

Өртті сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға 19 адам және 5 техника жұмылдырылды.


Қазақстан мен әлем кинопремьералары: апталық шолу
Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен әлем кинопремьералары: апталық шолу