Кішкентай Тахминаның жұлыны ауыстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының директоры Аружан Сайын өзінің Facebook парақшасында онкологиямен ауырған кішкентай Тахмина Әбішеваның жұлыны сәтті ауыстырылғанын хабарлады.

Кішкентай Тахминаның жұлыны ауыстырылды

«Қайырлы таң, достар! Тахминаның анасы Әлия және мен Тахминаны дұға-тілектермен қолдауларыңызды сұраймыз, бәрі жақсы болса екен, жұлыны орнығып кетсе екен!» - деп жазылған хабарламада.

Аружан Сайын Тахминаның анасының хатын келтірген: «Аллаға шүкір! Барша мадақ әлемдердің Раббысы, мейірімділердің мейірімдісі Аллаға тән! Бүгін біздің жұлынымыз ауыстырды. Оған кіші қызым донор болды. Кіп-кішкентай болса да, адамның өмірін құтқарды!

10:30-да оны операция бөлімінен әкелді. Жағдайы онша емес. Аппақ түрін көріп шошып кеттік. Дәрігерлер қалыпты жағдай екенін айтып түсіндірді. Ауруханадағы екі күн ішінде қатты қиналды. Амалька жарады! Кішкентай батыр қыз! Жұлынды орнатқаннан кейін Тахминаның жүрегі айнып, лоқсыды. Бірақ соңында бәрі жақсы болды.

Алланың шексіз рахымы үшін шүкір! Жақын донор нағыз бағасыз сыйлық, оның құны - адамның өмірі! Қазір Тахмина ұйықтап жатыр. Алладан осы операцияның сәтті болуын тілеймін. Ертең тағы да химия қабылдаймыз. Күн ара үш мезгіл метотрексат салады. Бір Алланың қалауымен бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Біз үшін дұға жасауларыңызды өтінемін! Шипаның ең жақсы жолы - біздің дұғамыз ғой.  Көмектеріңіз бен жылы сөздеріңіз үшін сіздерге көп рақмет! Ұзақ уақыт бойы біздің жанымыздан табылып, бізбен бірге күрескен жандарға көп рақмет! Рақмет!»