07:55, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
«Кішкентай үйдің үлкен құпиялары» атты жаңа қойылымның премьерасы өтеді
АЛМАТЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Мамырдың 29-30-ы күндері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Кішкентай үйдің үлкен құпиялары» атты жаңа қойылымның премьерасы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жаңа қойылым белгілі орыс драматургі Александр Вампиловтың «Тұңғыш ұл» пьесасының негізінде ҚР Халық әртісі Талғат Теменовтың аударуымен және режиссерлігімен сахналанғалы отыр. Комедиялық қойылым бір отбасының өміріндегі талай сырды ашқан бір сәттік оқиға туралы. Жаңа қойылымдағы рөлдерді Мұхитдин Шынтаев, Ербол Садырбаев, ҚР еңбек сіңірген әртісі Тұрсын Құралиев, Есжан Хамидуллин, Айгүл Иманбаевалар сомдайды.