Кісі өліміне күдікті солтүстікқазақстандық Екатеринбордан табылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да ТМД мемлекеттерінің құқық қорғау органдарымен бірлесе атқарылған «Іздеу» республикалық операциясының қорытындысы шығарылды. Шара барысында Екатеринбордан 32 жастағы кісі өліміне күдікті солтүстікқазақстандық табылды.

Кісі өліміне күдікті солтүстікқазақстандық Екатеринбордан табылды

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір күдікті Екатеринборда оқшаулау изоляторында қамауда. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Жалпы операция барысында 16 күдікті қолға түскен. Олардың үшеуі ұрлық үшін, үшеуі кісі өліміне қатысты деген күдікпен іздеуде болған.