13:37, 14 Қараша 2012 | GMT +5
Кісі өлтіріп, 19 жыл бойы бой тасалаған Қазақстан азаматы Бішкекте ұсталды
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласынан Қырғызстан Республикасының ІІМ жедел іздестіру қызметінің өкілдері Алматы облысының ІІД-мен бірлесе отырып,
19 жыл бұрын мемлекетаралық іздеуге жарияланған облыстың 35 жастағы тұрғынын ұстады.
ҚР ІІМ мәліметтеріне қарағанда, 1993 жылдың қыркүйек айында ұйымдасқан топ Қарасай ауданында Путь Ильича ауылының 45 жастағы тұрғынын соққыға жығып, аталған азамат алған жарақаттардан ауруханада көз жұмған.
Минск конвенциясына сәйкес ұсталған азаматты Қазақстанға әкелу мәселелері шешілуде.