Қысқы Азиада: Харбинде атлеттер қалашығы мен медиа-отел ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарының атлеттер қалашығы мен медиа-отелі ресми ашылды.

Харбинде атлеттер қалашығы мен медиа-отел
Фото: harbin2025.com

«Жэньминь Жибао» басылымының хабарлауынша, Қысқы Азия ойындарында мұз спорты бойынша атлеттер қалашығы ретінде, Harbin Victories Hotel қонақ үйі 27 қаңтар күні алғашқы шетелдік спортшыларды қабылдады.

Қар спорты бойынша атлеттер қалашығы Ябулидағы Avaunce Hotel Yabuli қонақ үйінде орналасқан.

Нarbin2025.com сайтының хабарлауынша, IX қысқы Азия ойындарының медиа-отелі 28 қаңтар күні ресми жұмысын бастады. Олардың қатарында жазба журналистер мен фототілшілер үшін 4 қонақ үй, телеканалдар тілшілері үшін 2 қонақ үй белгіленген.

Еске салсақ, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді. Спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады

ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Қазақстаннан 139 спортшы ел намысын қорғайды

Осыған дейін қысқы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар