Қысқы Азия ойындары: Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Жапонияны жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылы Харбин қаласында (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында топтық айналымда Жапония құрамасын жеңді.

азиада
Фото: Тұрар Қазанғапов / ҰОК

Ойын 4:1 есебімен аяқталды.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, бұл - Қазақстанның төрт ойындағы төртінші жеңісі. Дәл қазір Олег Болякин шәкірттері А тобында көш бастап тұр.

Команда келесі кездесуін 10 ақпан күні Оңтүстік Корея құрамасына қарсы өткізеді.

Бұған дейін хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Қытайды жеңген болатын.