Қысқы Азия ойындары: Кёрлингтен ел намысын кімдер қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында өтетін ІХ қысқы Азия ойындарының басталуына да санаулы күндер қалды. Бүгін аталған додада кёрлингтен ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасы анықталды.

керлинг
Фото: Сали Сабиров

Аталған сын бойынша Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасында, сондай-ақ аралас жұпта медаль үшін сынға түспек.

Әйелдер:

Ангелина Эбауер

Тилсимай Аллиярова

Екатерина Колыхалова

Мерей Тастемір

Регина Эбауер

Ерлер:

Абылайхан Жүзбай

Айдос Аллияр

Адиль Жумагожа

Ермек Мусаинов

Арман Иржанов

Аралас жұп:

Азизбек Надирбаев

Амина Какимжанова .

Айта кетейік, ІХ қысқы Азия ойындары 2025 жылғы 7-14 ақпан күндері Қытайдың Харбин қаласында өтеді.

Атап айтқанда, Харбинде коньки спорты түрлері, шайбалы хоккей мен кёрлинг, ал Ябулиде шаңғы спорты, биатлон, шаңғы альпинизмі жарыстары жоспарланған. Ашылу салтанаты 7 ақпанда, жабылу салтанаты 14 ақпанда Харбин қаласындағы Harbin International Convention and Exhibition Center Stadium спорт кешенінде өтеді.

Кешенді жарысқа құрлықтағы 32 елден 1147 спортшы қатысады. Олар спорттың 6 түрінен (11 дисциплина – биатлон, тау шаңғысы, кёрлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы, сноуборд, фристайл-акробатика, шайбалы хоккей, ски-альпинизм) 196 медаль жиынтығының иесін анықтайды.

Ел құрамасынан Харбиндегі жарысқа спорттың 6 түрінен 139 спортшы (71 ер, 68 әйел) барады. Олар 50 медаль жиынтығына таласады.

1. Биатлон – 10 спортшы;

2. Кёрлинг – 12 спортшы;

3. Конькимен жүгіру спорты – 20 спортшы;

4. Мәнерлеп сырғанау – 4 спортшы;

5. Шорт-трек – 12 спортшы;

6. Шаңғы жарысы – 12 спортшы;

7. Шайбалы хоккей (ерлер) – 23 спортшы;

8. Шайбалы хоккей (әйелдер) – 23 спортшы;

9. Тау шаңғы спорты – 8 спортшы;

10. Фристайл-акробатика – 7 спортшы;

11. Шаңғы жарысы – 8 спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қысқы универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар