Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов Қазақстанға оралды
АСТАНА. KAZINFORM – Астана әуежайында спортшыны туған-туыстары, жанкүйерлері мен спорт қоғамдастығының өкілдері қарсы алды
Италияда өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындарында отандасымыз пара биатлоннан алтын, ал пара шаңғы жарысынан қола медаль жеңіп алды. Осылайша қысқы Паралимпиада ойындары-2026 бағдарламасының екі санаты бойынша тұғырға бірден көтеріле алған қазақстандық спортшылардың алғашқысы болды.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әуежайда сөйлеген сөзінде паралимпиадашының марапаттары тек спортшының ғана емес, оның жаттықтырушыларының да еңбегі екенін атап өтті.
Ербол Хамитовқа Астанадан екі бөлмелі пәтерге сертификат табысталды.
Ербол Хамитовтің Паралимпиада алтыны және қола медалін алғаннан кейін мемлекет тарапынан қанша көлемде сыйақы алатыны белгілі болды.
Италияның Тесеро қаласында өткен жарыста 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының алтын жүлдесін иеленген қазақстандық пара спортшы Ербол Хамитов Kazinform тілшісіне сұхбат беріп, алдағы жоспарларын айтты.