Қысқы Универсиада: Анастасия Городко фристайлдан чемпион атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.

Қысқы Универсиада: Анастасия Городко фристайлдан чемпион атанды
Фото: olympic.kz

Фристайл-могулдан отандасымыз Анастасия Городко қарсылас шақ келтірмеді. 

Финалға бірінші орынмен шыққан А.Городко ең жоғары ұпаймен (79,79) жеңіс тұғырына көтерілді.

Жапониялық Харука Накао 76,29 балмен күміс жүлдеге ие болды.

Германиялық Ханна Вессе (75,04 балл) үздік үштікті түйіндеді.

Тағы бір қазақстандық, қысқы Универсиаданың ашылу салтанатында ту ұстап шыққан Аяулым Әмренова 70,52 балмен бесінші орынға табан тіреді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қысқы Универсиадада бүгін қазақстандық жастар үш спорт түрінен сынға түсетінін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар