Қысқы универсиада: Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті

АСТАНА. KAZINFORM - Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиадада бүгін Қазақстан қоржынына бір күміс, бір қола медаль түсті. 

Қысқы универсиада: Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті
Фото: Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы

Ел құрамасынан Денис Зинов парашаңғышылар арасында 10 шақырымға еркін жүрістен мәреге екінші болып келіп, күміс жүлде алды.

Ал аталған сайыста Роман Құрбанов қола медаль иеленді. Ол көзі нашар көретіндер санатында жарысқа қатысып, жүлдеге қол жеткізді.

Қысқы универсиада: Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті
Фото: Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы
Қысқы универсиада: Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті
Фото: Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы

Айта кетсек, бұдан бұрын 14 қаңтарда Анастасия Городко фристайлдан чемпион атанған еді. 

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиадада қазақстандық 103 спортшы 11 сайыс түрі бойынша бақ сынайды. Олар биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, қысқы спорттық бағдарлау, фристайл, тау шаңғысы, ерлер және әйелдер хоккейі, сондай-ақ парашаңғы жарыстары бойынша сынға түседі. 

Соңғы жаңалықтар