Қысқы универсиада: Қазақстан құрамасы шорт-тректен қола жүлдені жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиадада Қазақстан құрамасы шорт-тректен қола жүлдегер атанды.

Қысқы универсиада: Қазақстан құрамасы шорт-тректен қола жүлдені жеңіп алды
Фото: sports.kz

Қазақстандықтар 2 мың метрлік қашықтықта аралас сында аса тартысты бәсекеде үздік үштікке ілікті. Аталған жарыста ел намысын Алина Әжіғалиева, Мәлика Ермек, Яна Хан, Валерий Клименко және Дінмұхамедалдияр Тәжібай қорғады. 

Қазақстандықтар 2:44.815 уақытпен мәре сызығын үшінші болып қиды. Оңтүстіккореялықтар чемпион атанса, қытайлықтар күміс жүлдеге ие болды.

- Бәсеке өте жоғары болды. Команда бәріне әзір еді. Бірінші орынға да таласуға болар еді. Тактикалық, бәлкім, дене дайындығы жағынан сәл жетпей қалды, - деді жарыстан кейін Алина Әжіғалиева.

Осылайша, қазақстандықтар универсиадада 13-інші медальді жеңіп алды.

Сәрсенбі күні сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасында шорт-тректен 500 метр қашықтықта медальдар сарапқа салынды. Онда қазақстандықтар жүлдеге іліге алған жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қысқы универсиадада биатлоншы Кирилл Бауэрдің қола жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар