Қыста тауға шыққанда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары қыс кезінде тауға шыққанда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салды.

ШҚО тауларында қар түсірілді
Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ең әуелі тауда жүретін маршрутты алдын ала егжей-тегжейлі зерттеп алу қажет. 

- Қар көшкіні қаупі бар жерлерге барудан аулақ болыңыз, әсіресе қар мол жауғаннан кейін. Жақындап келе жатқан көшкін шуын естігеннен кейін бірден 50-100 метр жоғары көтерілу керек. Егер көшкін астында қалсаңыз өміріңізге қауіп төнетінін қаперде ұстаңыз, - делінген ақпаратта. 

Қар көшкіні мен сел ағынынан тек қашу арқылы құтылуға болады. 

- «112» жедел желісінен келетін ескертулерді қадағалап отырғаныңыз жөн. Осы қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қала аласыз, - делінген хабарламада. 

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсірілгені хабарланған.

Соңғы жаңалықтар