Кит туристерге өз баласын сипауға ерік берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық саяхатшылар Мексиканың Төменгі Калифорния штатының жағалауында кит пен киттің баласын сипады.

Кит туристерге өз баласын сипауға ерік берді

Кит өзінің баласымен мұхиттың бетіне шығып, әйелдер болған кемеге жақындаған. Жыл сайын киттерді бақылау үшін сапар ұйымдастыратын Aurora Adventures ұйымының қызметкері Дон Феурберг (Dawn Feurberg) ерекше оқиға түсірілген видеоны Facebook-ке жариялады. Оның айтуынша, кит өз баласын кемеге өзі итеріп, жақындатқан.