Кітап культін тірілтетін кез жетті - Дидар Амантай
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық музейде өтіп жатқан Еуразия астаналары қаламгерлерінің форумында «Әлем әдебиетіндегі стиль тарихы» атты баяндама оқыған жазушы Дидар Амантай кітап культін тірілту үшін мемлекеттен қолдау керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Менің ойымша стиль мен эстетика шығарманың өзін құтқарса да, кітапты құтқарай алмайтын кезге келдік. Кітапты құтқаруы үшін кітап культін қайтадан қалпына келтіруіміз керек. Яғни, кітап насихаты мемлекеттік деңгейде жүргізілуі тиіс.. Осы кезде ғана кітапқа деген қызығушылық оянады», - деді жазушы.
Еске салсақ, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Еуразия астаналары қаламгерлерінің форумы өтіп жатыр.
Осы форум аясында танымал испандық ақын Хунте Хорхе Падронмен Абайдың 100 өлеңін аудару туралы келісімшарт жасалды.