Қытай $172 млрд көлемінде жаңа облигациялар шығарды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың жергілікті билік органдары 1,24 трлн юань (шамамен $172 млрд) көлемінде жаңа облигациялар шығарды. Бұл туралы ҚХР Қаржы министрлігінің деректеріне сілтеме жасап, Kazinform агенттігінің тілшісі хабарлады.

Қытай $172 млрд көлемінде жаңа облигациялар шығарды
Фото: Kazinform

Облигациялар құрылымы бойынша:

  • Арнайы облигациялар көлемі — 960,3 млрд юань (шамамен $131,8 млрд),

  • Қалған 279,1 млрд юань — қарапайым облигациялар үлесіне тиесілі.

Еске салайық, Қытайдағы жасырын деп аталатын қарыздардың көлемі 2023 жылдың соңында 14,3 триллион юанды (қазіргі бағам бойынша шамамен 2 триллион доллар) құрады.

2024 жылдың соңында Қытай билігі жергілікті үкіметтердің жасырын қарыз дағдарысын шешуге бағытталған 10 трлн юань (шамамен $1,4 трлн) көлеміндегі арнайы бағдарламаны таныстырды.

2025 жылғы наурызда ҚХР Қаржы министрлігі Қытайдың ірі мемлекеттік коммерциялық банктерін қолдау үшін 500 млрд юань (шамамен $69,7 млрд) көлемінде арнайы қазынашылық облигациялар шығарылатынын жариялады.

Бұған дейін хабарланғандай, Қытай АЭС қуаты жағынан әлемде бірінші орында.

 

Соңғы жаңалықтар