Қытай 44 жылдан бері алғаш рет баллистикалық зымыран ұшырды

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай Тынық мұхитында оқтұмсық макеті бар құрлықаралық баллистикалық зымыранды сәтті сынақтан өткізгенін мәлімдеді. Қытай билігі бұл сынақтарды жоспарлы деп атағанымен, сарапшылар мұндай сынақ соңғы рет 1980 жылы жүргізілгенін атап өтті, деп хабарлайды ВВС

Қытай зымыран
Фото: Getty Images

Қытай Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде зымыранның сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08:44-те (Гринвич бойынша сағат 04:44-те) ұшырылғаны хабарланды.

«Зымыран жоспарланған акваторияға тиді, ұшыру зымырандық күштердің жыл сайынғы әскери жаттығулары аясында жүзеге асырылды», - деп хабарлайды Синьхуа мемлекеттік ақпарат агенттігі.

Бейжің қандай зымыран сыналғанын және оның қандай траекториямен ұшқанын хабарлаған жоқ. Алайда Синьхуа Қытайдың «бұл туралы тиісті елдерге алдын ала хабарлағанын» атап өтті.

Қытай ел аумағында ядролық қаруын жүйелі түрде сынақтан өткізеді және соңғы жылдары Шыңжаң аймағындағы Такла-Макан шөліндегі полигонға құрлықаралық баллистикалық зымырандар ұшырды.

Сондықтан қазіргі сынақ Қытай зымыраны халықаралық сулар арқылы 1980 жылдан бері алғаш рет ұшып өтті деп саналады.

Америкалық қорғаныс сарапшысы Джон Ридж Қытайдың зымыран сынақтарын АҚШ-қа арналған «көрсеткіш қадам немесе белгі» деп санайды.

Өткен жылы Бейжің мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынас біршама жақсарды, алайда АҚШ-тың Қытайдың аймақтағы агрессивті саясатына көңілі толмай отыр.

Басқа мәселелермен қатар, Қытай мен Филиппин арасындағы шиеленіс күшейіп келеді: олардың кемелері екі ел мәлімдеген суларда қақтығысқа түсуде.

Тамыз айында жапондық әскери ұшақтар Токио Жапонияның әуе кеңістігін бұзды деп мәлімдеген Қытайдың барлау ұшағын ұстады.