Қытай АҚШ қазынашылығындағы облигацияларын соңғы 15 жылдағы ең төменгі межеге дейін қысқартты
АСТАНА. KAZINFORM – Global Times басылымының мәліметіне сүйенсек, Қытайдың АҚШ қазынашылығындағы облигацияларының үлесі 760,1 млрд долларға дейін төмендеп, 2009 жылдың ақпанынан бергі ең төменгі деңгейге түсті.
АҚШ Қаржы министрлігі жариялаған деректер Қытайдың АҚШ қазынашылығындағы облигациялары осы жылдың қазан айында 11,9 миллиард долларға азайып, 760,1 млрд долларды құрағанын көрсетті. Бұл 2024 жылы осымен төртінші мәрте азайып отыр.
Global Times келтірген мәліметтерге сүйенсек, 2022 жылдың сәуірінен бері Қытайдың АҚШ үкіметінің сыртқы қарызына инвестициясы 1 трлн доллардан аз болды.
Мемлекеттік валюталық бақылау басқармасының (SAFE) дерегінше, Қытайдың валюталық қоры 3,2659 трлн долларды құрады, бұл қазан айының соңындағы көрсеткіштен 4,8 млрд долларға (+ 0,15%) көп.
Қытай Халық банкінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, қараша айының соңында елдің алтын қоры - 72,96 млн унция, бұл қазан айымен салыстырғанда 160 мың унцияға артық.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуы туралы монографияның тұсауы кесілгені хабарланған.