Қытай АҚШ тауарларына 50 пайыз қосымша баж салығын енгізді

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Қытайдан жеткізілетін тауарларға салынатын қосымша баж салығының мөлшерлемесін 104%-ға жеткізу туралы шешімі 9 сәуір күні түсте күшіне енгеннен кейін, Қытай билігі қарымта шара қабылдады. Бұл туралы Lianhe Zaobao  басылымы хабарлады.  

Қытай АҚШ тауарларына 50 пайыз қосымша баж салығын енгізді
Фото: Синьхуа

Атап айтқанда, 10 сәуір күні 12:01–ден бастап АҚШ-тан әкелінетін барлық тауарға тағы да 50% қосымша баж салығы енгізіледі. Осылайша, Қытайдың АҚШ тауарларына енгізген баж салығының жалпы көлемі 84%-ға дейін ұлғаяды.

Қытай Мемлекеттік кеңесінің жанындағы Кедендік тарифтер жөніндегі комиссия жариялаған ресми хабарламада АҚШ үкіметінің 8 сәуірде Қытайдан жеткізілетін тауарларға салынатын «өзара тарифтердің» мөлшерін 34%-дан 84%-ға дейін көтергені қадап айтылды. Құжатта АҚШ-тың баж салығын арттыруы «қайталанған қателік» деп сипатталып, бұл әрекет «Қытайдың заңды мүддесін табанға таптап, ережеге негізделген көпжақты сауда жүйесіне елеулі зиян келтірді» деп атап көрсетілді.

Хабарлама айтылуынша, Қытай Мемлекеттік кеңесінің бекітуімен, 10 сәуір күні сағат 12:01–ден бастап АҚШ-тан әкелінетін импорттық тауарларға салынатын қосымша баж салығының мөлшерлемесі қайта қаралып, 34%-дан 84%-ға өсіріледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Қытайға қарсы 104% көлемінде баж салығын қолданысқа енгізуіне байланысты Қытай Сыртқы істер министрлігі ресми Бейжіңнің өз мүддесін қорғау үшін батыл әрі пәрменді шаралар қолдануды жалғастыратынын мәлімдегенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар