14:02, 28 Қазан 2024 | GMT +5
Қытай АҚШ-тың Тайваньға қару сатуын қатаң айыптады
АСТАНА. KAZINFORM – Қытай Тайваньға қару сатты деп АҚШ-қа дипломатиялық шағым түсірді, деп хабарлайды Bloomberg.
«Қытай ұлттық егемендікті, қауіпсіздікті және аумақтық тұтастықты қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды және бұл бағытта батыл шешімдер қабылдай», - деп мәлімдеді Қытайдың Сыртқы істер министрлігі. Бұл шағым АҚШ-тың Тайваньға 2 млрд долларға жуық әскери техника сатуды мақұлдағаннан кейін жасалды.
Бұған дейін Қытайдың Тайвань бұғазында әскери жаттығулар өткізді.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин сәрсенбі күні БРИКС 16-шы саммиті аясында Иран президенті Масуд Пезешкянмен кездесуінде Қытай халықаралық және аймақтық жағдайдағы өзгерістерге қарамастан Иранмен достық ынтымақтастықты тұрақты түрде дамытатынын айтты.