Қытай армиясы Тайвань аралы төңірегіндегі әскери оқу-жаттығуын жалғастыруда

Армия Китая продолжает военные учения вокруг острова Тайвань
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың халық-азаттық армиясы бүгінде Тайвань аралы төңірегінде бірлескен әскери оқу-жаттығуын жалғастырды, деп хабарлайды Kazinform Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.

ҚХАА Шығыс жауынгерлік қолбасшылық аймағының ресми өкілі Ли Сидің айтуынша, оқу-жаттығу барысында Әскери-теңіз күштері мен Әскери-әуе күштерінің бірлескен патрульдік қызметі, ұрыс даласында жан-жақты бақылау құқығын бірлесіп иелену және негізгі нысандарға дәл соққы беру жұмыстары басты назарда болады.

Шығыс жауынгерлік қолбасшылығы бейсенбі күні Тайвань аралы төңірегінде «Бірлескен өткір қылыш-2024» оқу-жаттығуын өткізетіндігін жария еткен болатын. Әскери іс-шара 23-24 мамыр күндеріне жоспарланған.

Жұма күні Қытайдың жағалау күзетінің кемелер жасағы Тайвань аралынан шығысқа қарай су айдында кешенді оқу-жаттығу өткізді.

«Тексеру және біріздендіру, ескерту және ығыстыру сынды негізгі бағдарламаларды қамтитын маневрлер жағалау күзетінің кемелер жасағының теңіздегі төтенше жағдайда шұғыл әрекет ету және бірлесіп шолғындау қабілетін шыңдауға бағытталған», - деді Қытай Жағалау күзетінің ресми өкілі Гань Юй.

Оқу-жаттығулар Тайвань бұғазында, Тайвань аралының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында, сондай-ақ Цзинмэнь, Мацзу, Уцю және Дунъинь аралдарының айналасындағы аудандарда өтуде.

Осыған дейін Қытай әскері Тайвань айналасында жаттығуларын бастағанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар