Қытай ашық теңізде әлемдегі алғашқы су асты күн батареяларын сынақтан өткізді

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай ғалымдары ашық теңізде 10 метр тереңдікте жұмыс істейтін әлемдегі алғашқы су асты күн электр станциясын жасап, сынақтан өткізді, деп хабарлайды ТАСС.

Китайские ученые создали и испытали первую в мире подводную солнечную электростанцию,
Фото: scmp.com

South China Morning Post газетінің хабарлауынша, бұл жүйе су астында жүргізілетін операцияларды қуаттандыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Электр станциясын Юньнань университетінің мамандар тобы әзірледі. Ғалымдар 10 метр тереңдікте перовскит құрылымы (жартылай өткізгіш материалдар класы) бар қорғасын галогенидтеріне негізделген фотоэлектрлік жүйені пайдаланды. Қондырғы су астында батареяларды зарядтап, жарықдиодты панельді қуаттандырды, бұл «тіпті күңгірт көк-жасыл мұхитта да күн энергиясын өндіруге болатынын дәлелдеді» деп жазады басылым.

— Су асты күн батареяларының бұрынғы жобалары өте таяз тереңдікке арналған еді, олар тіпті екі метрге де жетпейтін тереңдікте жұмыс істейтін, ал шынайы жұмыс жағдайлары әдетте бұдан тереңде болады. Бұл жобада алғаш рет 10 метрге дейінгі тереңдікте нақты жағдайларда күн батареяларының жұмысы көрсетілген, — дейді Юньнань университетінің ғалымы Вэньхуа Чжан.

Бұл технологияны әзірлеушілер оны су астында жұмыс істейтін сенсорларға детекторларға, камераларға, байланыс жүйелеріне, сондай-ақ су асты роботтарына қуат көзі ретінде қолдануға болатынын айтып отыр.

Бұған дейін Қытай спутниктердің жаңа тобын ғарышқа ұшырғанын хабарлаған едік.

Нұрлан Тұяқов