Қытай Бразилияның сиыр етіне 55% қосымша баж енгізеді
АСТАНА. KAZINFORM — 1 қазаннан бастап Қытай Бразилиядан импортталатын сиыр етіне қосымша 55% баж салығын енгізеді, деп хабарлады Lianhe Zaobao.
Қытай Сауда министрлігінің мәліметінше, сиыр еті импортына қатысты қорғау шаралары аясында Бразилияға белгіленген импорт көлемі 29 қыркүйекте 100%-ға жеткен.
Қытай Сауда министрлігінің 2025 жылғы № 87 хабарламасына сәйкес, белгілі бір елден импортталатын сиыр еті белгіленген квотаның 100%-ына жеткеннен кейінгі үшінші күннен бастап қосымша кедендік баж қолданылады.
Осыған байланысты 1 қазан сағат 00:00–ден бастап Бразилиядан Қытайға жеткізілетін сиыр етіне қолданыстағы тарифке қосымша 55% баж салығы салынады.
Қытай биыл отандық мал шаруашылығы өндірушілерін қорғау мақсатында импорттық сиыр етіне квота енгізген. 2026 жылға арналған жалпы импорттық квота 2,688 млн тоннаны құрайды.
Оның ішінде Бразилияға 1,106 млн тонна, Аргентинаға 511 мың тонна, Аустралияға 205 мың тонна және АҚШ-қа 164 мың тонна көлемінде квота белгіленген.
Бұған дейін Bloomberg Бразилияның ет экспорттаушы өнеркәсіп қауымдастығына сілтеме жасап, Қытай нарығына жеткізілімдердің шектелуіне байланысты бұған дейін осы елге бағытталған Бразилия сиыр етін басқа нарықтарға өткізу қиындай түскенін хабарлаған.
Аталған жағдайдың әсері мал өсіру мен ет өңдеуден бастап, сақтау және логистикаға дейінгі бүкіл өндірістік тізбекке таралып отырғаны айтылған.
Айта кетейік, Қытай 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап импорттық сиыр етіне қатысты қорғау шараларын енгізіп, әр ел үшін жеке импорттық квота белгіледі. Квота көлемі толық пайдаланылған жағдайда, тиісті елден әкелінетін сиыр етіне қосымша баж салығы қолданылады.