Қытай елді ауылшаруашылық державасына айналдыру жоспарын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай 2024-2035 жылдар аралығында елді ауылшаруашылық державасына жедел айналдыру жоспарын жария етті, деп хабарлайды Синьхуа.

ауыл шаруашылығы
Фото: Синьхуа

Қытай коммунистік партиясының орталық комитеті және Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесі жариялаған құжатта 2027 жылға қарай Қытайдың аграрлық сектордағы қуатын арттыру барысында елеулі прогреске қол жеткізу мақсаты қойылды.

Сондай-ақ ол ауылды жан-жақты көтеруде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Әрі 2027 жылға қарай ауыл шаруашылығы мен ауылдық жерлерді жаңғырту жұмыстарының жаңа деңгейге көтерілуін көздейді.

Жоспарға сәйкес, 2035 жылға қарай Қытайда ауылдың жан-жақты дамуында шешуші прогреске қол жеткізіледі, негізінен ауыл шаруашылығы саласы толық жаңғыртылады және ауылдық жерлер заманауи тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етіледі.

Осыдан бұрын ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу пункттерінде тұрып қалған жүк автокөліктеріне қатысты түсінік берді.

Соңғы жаңалықтар