Қытай есірткі тектес заттар тізімін кеңейтті
АСТАНА. KAZINFORM – Қытай билігі орфин мен оның туындыларын медициналық мақсатта қолдануға арналмаған есірткі және психотроптық заттар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Синьхуа.
Жаңа талап 2026 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
– Орфин мен оның туындылары «Медициналық мақсатта қолдануға арналмаған есірткі және психотроптық заттар» тізіміне енгізіледі, – делінген ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі, Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитет және Дәрілік заттарды бақылау жөніндегі мемлекеттік басқарманың бірлескен мәлімдемесінде.
Осылайша, аталған заттар Қытайда арнайы мемлекеттік бақылауға алынбақ.
Айта кетейік, Индонезияда Malaysia Airlines ұшқышы ірі көлемдегі есірткімен қолға түсті.