«Қытай-Еуропа» бағытына қатынаған пойыздар саны 110 мыңнан асты
АСТАНА. KAZINFORM — Қытай-Еуропа теміржол бағыттары бойынша қатынаған жүк пойыздарының жалпы саны осы уақытқа дейін 110 000-ға жетіп, тасымалданған жүк құны 450 миллиард АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды қытайлық «Халық газеті».

Аталған Қытай-Еуропа бағытындағы 110 000-ыншы пойызға 10000-нан астам тұрмыстық техника тиелген. Циндаодан жолға шыққан пойыз екі күннен кейін Ішкі Моңғолдың Эрлианхот порты арқылы Еуропаға бет алады.
Соңғы деректерге сәйкес, Қытай-Еуропа теміржол бағыты қазіргі уақытта Еуропаның 26 еліндегі 229 қалаға және Азияның 11 еліндегі 100-ден астам қалаға шыға алады. Шығыс, орта, батыс арналары елдегі алты ірі порттардан өтеді. Алты порттың күн сайынғы өткізу әлеуеті 184 пойызға жеткен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Иран мұнайдан басқа тауарын экспорттайтын жеті елді атағаны туралы жазғамыз.