Қытай қазақтары мекендейтін Көктоғай өлкесінің негізгі табыс көзі — туризм

көктоғай
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Қытайдың Алтай аймағында жүрген Орталық Азия және Ресей журналистері Көктоғай ауданына барды, деп хабарлайды Kazinform.

Көктоғай Үрімжі қаласынан 480 шақырым қашықтықта орналасқан. ҚХР-ның ең суық, ызғарлы аудандарының бірі.

Халық саны — 100 мыңға жуық. Оның басым бөлігі — қазақтар.

көктоғай
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Соңғы жылдары өңірде кәсіпкерлік пен туризм саласы қарқынды дамып келеді.

көктоғай
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Жергілікті тұрғындар кәсіп ашуға машықтанған.

Бірі қолөнер цехын ашса, енді бірі ірі кәсіпорындарды іске қосқан.

кәсіпорын
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Жергілікті тұрғындар 100 пайыз жұмыспен қамтылған.

Өңірдің негізгі табыс көзі — туризм.

қытай көктоғай
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Көктоғайда өзімен аттас танымал тау шаңғы курорты бар.

Жолдары әлемдегі ең күрделі трассалар қатарында. Теңіз деңгейінен 3200 метр биікте орналасқан.

Қардың қалыңдығы 3-4 метрге дейін жетеді.

көктоғай
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Ұзындығы 121 шақырым болатын 80 сырғанау жолы бар.

Туристер жоғарыға аспалы жол арқылы жетеді.

көктоғай
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Сапар барысында БАҚ өкілдері шаңғы теуіп, сноубордпен сырғанады.

шаңғы
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Айта кетейік, Көктоғай — алты алашқа аты мәлім Оспан батыр дүниеге келген өлке.

көктоғай
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Орталық Азия және Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ұйымдастырылған Алтай аймағындағы баспасөз туры аяқталды.

көктоғай
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform
көктоғай
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар