Қытай Қырғызстанның «жасыл» энергетикасына 1 млрд долларға дейін инвестиция салуға дайын

БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстанның инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттігі мен China Energy Engineering Investment компаниясы энергияның жаңартылатын көздері саласындағы ынтымақтастық және елдегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazinform-ның Бішкектегі меншікті тілшісі. 

зеленая энергетика
Фото: DALL-E

ҰИА баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қытай тарапы Қырғызстанда жалпы қуаты 700 МВт-қа дейінгі электр станцияларын салуға 1 млрд долларға дейін инвестиция салуға қызығушылық танытты, оның 500 МВт-ы күн энергиясы, ал 200 МВт-ы жел энергиясы станциялары болады.

Ведомство Қырғыз Республикасы жаңартылатын энергия көздерін дамытуды басымдық ретінде қарастыратынын атап өтті. 

— Біз халықаралық серіктестермен ынтымақтастыққа ашықпыз және оларды инвестициялық жобалардың барлық кезеңінде қолдауға дайынбыз, — делінген мәлімдемеде.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың нақты бағыттарын бірлесіп әзірлеуге және инвестициялық бастамаларды практикалық деңгейде қарастыруға келісті.

Еске салсақ, Қазақстан президенті жасыл энергия өндіру мен білім беруге қатысты әріптестік жөніндегі құжатқа қол қойды.

Орталық Азияда «жасыл» энергетика қалай дамып жатқанын мына материалдан оқи аласыз.