Қытай қысымы және мұнай нарығы: Жапония мен Аустралия ортақ шешім іздей бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Жапония мен Аустралия басшылары сирек жер элементтерін өндірудегі China үстемдігі мен Таяу Шығыстағы қақтығыс аясында маңызды минералдар, энергия ресурстары және өзге де қажетті тауарлардың тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ету үшін ынтымақтастықты күшейтуге келісті, деп хабарлайды Kyodo News.

Қытай қысымы және мұнай нарығы: Жапония мен Аустралия ортақ шешім іздей бастады
Фото: Kyodonews.net

Канберрадағы кездесуде Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи мен оның аустралиялық әріптесі Энтони Албанезе бес қорытынды құжатты, соның ішінде экономикалық қауіпсіздік жөніндегі бірлескен декларацияны жариялап, қорғаныс және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты жалғастыратынын растады.

– Жапония мен Аустралия өңірде және халықаралық қауымдастықта бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуге берік ұстанымды бөліседі және пікірлес серіктестер арасындағы ынтымақтастықтың көшбасшылары саналады, – деді Такаичи келіссөздерден кейінгі бірлескен баспасөз мәслихатында.

Ол екі ел арасындағы қатынасты «квази-одақ» деп сипаттады.

Албанезе көшбасшылардың «ерекше стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтатын ауқымды нәтижелерге» қол жеткізгенін айтып, екі елдің «ешқашан мұншалықты стратегиялық тұрғыдан жақын болмағанын» атап өтті.

Сирек жер элементтері, энергетикалық ресурстар және азық-түлік жеткізілімдерінің тұрақты тізбегін құруға арналған бірлескен декларацияда тараптар маңызды минералдарға қатысты экспорттық шектеулерге «елеулі алаңдаушылық» білдірді. Бұл, шамасы, Қытайдың экспорттық бақылауды жақында күшейтуіне қатысты айтылған.

Айта кетейік, бұған дейін Қытай Жапонияның әскери әрекететрін сынға алғанын жаздық

Сондай-ақ Жапония қазақстандық мұнайға көшуді көздеп отыр.