Қытай «Шэньчжоу-18» ғарыш кемесін ұшырды

Қытай
Фото: Синьхуа

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай үш ғарышкерін орбиталық «Тяньгун» («Аспан сарайы») ғарыш станциясына алты айлық миссияға жіберу үшін «Шэньчжоу 18» басқарылатын ғарыш кемесін ұшырды. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады.

Ғарыш кемесі Қытайдың солтүстік-батысындағы Цзюцюань спутниктік ұшыру орталығынан «Чанчжэн-2°F» - Long March-2 °F зымыран тасығышының көмегімен ұшырылды. 

Қытай
Фото: Синьхуа

Хабарланғандай, «Шэньчжоу-18» басқарылатын ғарыш миссиясының құрамында қытайлық ғарышкерлер Е Гуанфу, Ли Цун және Ли Гуансу болды. Ал Е Гуанфу экипаж командир болды. 

Қытай
Фото: Синьхуа
Қытай
Фото: Синьхуа
Соңғы жаңалықтар