Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі АҚШ-ты қатаң сынға алды
АСТАНА. KAZINFORM - Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Лин Цзянь 11 қараша күнгі кезекті баспасөз мәслихатында АҚШ-ты сынға алды. Бұл туралы Kazinform Қытайдың СІМ cілтеме жасап хабарлайды.
Лин Цзяньның айтуынша, АҚШ Филиппин сияқты елдерді Оңтүстік Қытай теңізінде қиындық тудырып, Оңтүстік Қытай теңізіндегі бейбіт жағдайды бұзу үшін арандатып отыр.
«Америка Құрама Штаттарының зұлым ниеттері әлемге белгілі», - деді Лин Цзянь.
Сонымен қатар Лин Цзянь сондай-ақ АҚШ үкіметін «екіжүзділік» және «қос стандарт» деп айыптады.
«Бір жағынан, АҚШ басқа елдерден Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы туралы конвенциясын сақтауды талап етеді, бірақ сонымен бірге ол бұл конвенцияға қол қоюдан әрқашан бас тартты. Бұл қос стандарт және өте екіжүзділік әрекет». - деді Лин Цзянь.
Bloomberg тілшісі баспасөз мәслихатында АҚШ Конгресі Қытайдың тұрақты қалыпты сауда қатынастарының мәртебесін жоя алатын заң жобасын әзірлеп жатқанын, бұған Қытайдың көзқарасы қандай екенін сұрады.
Бұл сұраққа Линь Цзянь былай жауап берді:
«Қытай мен АҚШ арасында Қытайдың ДСҰ-ға кіруі туралы келісімге сәйкес, 2001 жылы Қытайға тұрақты әрі қалыпты сауда қатынасы мәртебесін беретінін жариялаған. Кейбір АҚШ саясаткерлері тарихты кері қайтарып, Қытай-АҚШ экономикалық және сауда қатынастарын қырғи-қабақ соғыс кезеңіне қайтаруға тырысуда»
Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл тәсіл Қытай мен АҚШ-тың ортақ мүдделеріне зиянын тигізеді, сондықтан Қытай АҚШ тарабы нан мұндай әрекеттерді тоқтақанін үміттенеді деп мәлімдеді.