Қытай тәжік-ауған шекарасындағы бақылауды күшейтуге шақырды

АСТАНА.KAZINFORM - Нью-Йоркте өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қытай елшісі Фу Кунг тәжік-ауған шекарасындағы жағдайдың ушығуын, нәтижесінде 10 қытай азаматының жарақат алуы мәселесін көтерді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Китай призвал усилить контроль на границе Таджикистана и Афганистана
Фото: Ховар

Afghanistan International хабарлауынша, қытайлық дипломат өз сөзінде Ауғанстан аумағынан шыққан шабуылдар кезінде қытайлық азаматтардың қаза табуын айыптады. Ол Талибан үкіметін бұл оқиғаларды мұқият тергеуге шақырды.

Фу Кунг тәжік-ауған шекарасындағы бақылауды күшейтуді ұсынды. Дипломат Бейжің аймақ елдерімен үйлестіру тетіктерін нығайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық жасауға дайын екенін атап өтті.

Бұған дейін Тәжікстан басшысы Ауғанстанмен шекарада қауіпсіздікті күшейтуді бұйырғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, 26 және 30 қарашада тәжік шекара аймағында ауған тарапынан жасалған қарулы шабуылдар кезінде бес қытайлық жұмысшы қаза тауып, бесеуі жараланған еді.

Соңғы жаңалықтар