Қытай түнде туристік орындарды күзету үшін роботтарды пайдаланып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Сычуань провинциясының Чэнду қаласындағы әйгілі туристік аттракционы «Куанжай аллеясы» 2024 жылдың 30 қазанынан бастап түнгі күзет жұмыстарын роботтарға тапсырды.
Қытайлық sina.com ақпарат құралының хабарлауынша, Қытайда қолданылатын қауіпсіздік роботы - бұл ел өзі зерттеп, өндірген төрт аяқты робот. Робот «лингтонг» деп аталады. Есімінің мағынасы – «дана көз».
Қытайлық инженерлер роботқа нақты уақыт режимінде деректерді басқару орталығына жіберіп, қалыптан тыс жағдайларға жылдам әрекет ете алатын лидар мен температура сенсорларын орнатқан.
Роботтың міндеті – түнгі қауіпсіздікті қадағалау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және өрттің алдын алу.
Чэнду үкіметінің жоспарына сәйкес, 2026 жылға қарай қала Қытайдың робот өнеркәсібін дамыту орталығына айналады және күнделікті өмірде қолдануға болатын робот өнімдерінің кем дегенде 100 түрін шығарады.
Сонымен қатар, жасанды интеллект технологиясын кеңінен қолдану арқылы робот индустриясы жаңартылып, робот өнімдерін коммерцияландыру мүмкіндігі кеңейеді.