Қытай жаңа спутник тобын сәтті ұшырды

  АСТАНА.KAZINFORM - Қытай жерсеріктерінің жаңа партиясы «Чанчжэн-6» зымыран тасымалдағышының көмегімен белгіленген орбитаға сәтті шығарылды. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап Kazinform тілшісі хабарлайды.

Китай успешно запустил новую спутниковую группировку
Фото: content-static.cctvnews.cctv.com

Спутник бейсенбі күні Қытайдың солтүстігіндегі Тайюань спутниктік орталығынан ұшырылды.

Бұл Чанчжэн сериялы зымыран тасымалдағышы үшін 550-ші рейс болды.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айында Қытай бортында үш астронавты бар «Шэньчжоу-19» ғарыш кемесін ұшырды.

Қараша айында  «Тяньчжоу 8» жүк кемесін Тяньгун ғарыш станциясына ұшырды. Бұған дейін Қытай ғарыш ғылымын дамытудың ұлттық орта және ұзақ мерзімді бағдарламасын ұсынған болатын. Сонымен қатар 2031 жылы Марс топырағының үлгілерін алуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар