Қытайда әлдебіреулер 1 мыңнан астам мысықты етке өткізбек болған

Қытай полициясы қайғылы жағдайға ұшыраған мыңнан астам мысықты құтқарып қалды. Оларды сойып, қой және шошқа еті ретінде кәуап пісірмек болған. Kazinform агенттігі бұл туралы ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды. 

мысық
Фото: Pexels

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жануарлар құқығын қорғаушылардың нұсқауымен әрекет еткен полиция шығыстағы Чжанцзяган қаласында мысық тасымалдаған жүк көлігін ұстады.

Жануарлар арнайы баспанаға жеткізілді, ал полиция мысық етін (оның бір келісі – бір бір доллардай) заңсыз сатудың тағы бір қылмыстық схемасын ашты.

Бұл Қытайдағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды.

БАҚ олардың жабайы мысық немесе ұрланған үй жануарлары ма - ол жағын хабарлаған жоқ.

Жануарлар елдің оңтүстігіне апарылып, онда еті шұжыққа немесе жалған шошқа мен қой еті кәуабына пайдаланылуы мүмкін. 

The Paper басылымының хабарлауынша, Чжанцзяган қаласындағы жануарларды қорғау ұйымының белсенділері жергілікті зиратта ішіне көп мысық салынған ағаш жәшіктер тұрғанын байқаған. 

Белсенділер бұл жерді алты күн бойы бақылап, 12 қазанда мысықтарды фургонға тиеген кезде жолды жауып, полиция шақырған. 

Маусым айында Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Цзянси провинциясындағы колледж студенті тәрелкесінен егеуқұйрықтың басын тауып алған кезде жанжал шықты.

Білім ошағының басшылығы алғашында бұл үйрек еті екенін айтқан, бірақ кейін оқушының сөзі рас екенін мойындауға мәжбүр болды.