Қытайда автонарық қарқынды өсім көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайда 2026 жылдың наурыз айында автокөлік өндірісі мен сатылымы ақпанмен салыстырғанда айтарлықтай өсті, деп хабарлайды Синьхуа.

Китай авто
Фото: auto.ru

Бұл туралы Қытай автомобиль өнеркәсібі қауымдастығы мәлімдеді.

Қауымдастық деректеріне сәйкес, наурызда 2,92 млн автокөлік шығарылып, 2,9 млн-ы сатылған. Бұл көрсеткіштер айлық есепте сәйкесінше 74,4% және 60,6%-ға артқан.

Электр және гибрид көліктерді қамтитын жаңа энергия көздеріндегі (NEV) автокөліктер де жоғары өсім көрсетті: өндіріс көлемі 1,23 млн, ал сатылым 1,25 млн-ға жеткен.

Жалпы, 2026 жылдың бірінші тоқсанында елде 7,04 млн автокөлік өндіріліп, 7,05 млн-ы сатылған. Ал NEV сегментінде өндіріс 2,97 млн, сатылым 2,96 млн болды.

Чэнь Шихуанің айтуынша, екінші тоқсанда да өсім жалғасады деп күтілуде. Бұған трейд-ин бағдарламалары, тұтынушылық сұранысты ынталандыру шаралары және алдағы Пекин халықаралық автосалоны аясында жаңа модельдердің таныстырылуы әсер етпек.

Айта кетелік Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты.

Соңғы жаңалықтар