Қытайда ең ұзын айналма метро желісі ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Ухань метрополитенінің 12-ші желісі ашылды, ол Қытайдағы ең ұзын айналма метро желісі, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бейжіңдегі меншікті тілшісі Xinhua агенттігіне сілтеме жасап. 

Қытайда ең ұзын айналма метро желісі ашылды
Фото: Xinhua

Айналма метро желісінің ұзындығы 59,9 шақырым. Ол Уханьдағы жеті ауданның стансаларынан өтеді және 18 қолданыстағы және жоспарланған желілермен байланысады. Пойыз желіден шамамен 96 минутта жүріп өтеді.

Жаңа желінің ашылуымен Ухань метрополитенінің жалпы ұзындығы 581 шақырымнан асты, бұл Берлиннен Мюнхенге немесе Римнен Миланға дейінгі автомобиль жолының ұзындығымен пара-пар келеді.

Бағыт Янцзы өзенінің астынан екі рет, ал Ханцзян өзенінің астынан бір рет өтеді. Шамамен 4 шақырымдық су асты туннельдерінің бірі Янцзы өзенінің астынан 71,4 метр тереңдіктен өтеді.

Бұған дейін Қытай әлемдегі ең ірі кешенді көлік жүйесін қалыптастырғанын хабарлаған едік.