Қытайда қанша адамның жоғары білімі бар
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайда жоғары білімі бар адамдар саны 270 миллионға жетті. Бұл туралы сәрсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Қытайдың Білім министрінің орынбасары Ван Гуанъянь мәлімдеді, деп жазады Синьхуа.
Министр орынбасарының айтуынша, елдегі мектепке дейінгі біліммен қамтудың жалпы коэффициенті 92,9 пайызға жеткен. Ал тоғыз жылдық міндетті білім беру жүйесінде оқуды жалғастыру көрсеткіші 96,1 пайызды құрады.
Сонымен қатар жоғары сыныптарға қабылдау көрсеткіші 92 пайызға жетті.
Қытай Білім министрлігінің Даму жоспарлау департаментінің басшысы Го Пэннің айтуынша, «Қос бірінші сынып» («Double First-Class») бастамасы аясында университеттер 2027-2030 жылдары студенттер қабылдау санын 76 мың адамға арттырады.
Бұл бастама аясында әлемдік деңгейге шығуға әлеуеті бар таңдалған университеттер мен академиялық бағыттарға қолдау көрсетіледі.
Осыған дейін Қытай ашық теңізде әлемдегі алғашқы су асты күн батареяларын сынақтан өткізгенін жазғанбыз.