Қытайда Компартия орталық комитеті 20-шы шақырылымының 3-шы пленумы ашылды

АСТАНА-БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Бейжің қаласында Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті 20-шы шақырылымының 3-пленарлық отырысы ашылды.

В Пекине открылся 3-ий пленум ЦК КПК 20-го созыва
Фото: cgtn.com

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, ҚКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин Саяси Бюроның атынан пленумға есеп беріп, «ҚКП ОК реформаларды одан әрі жан-жақты тереңдету және қытай үлгісіндегі жаңғыртуды ілгерілету шешімі» туралы түсіндірді.

Жиынға ҚКП Орталық Комитетінің 370-тен астам мүшелері мен қосалқы мүшелері қатысты.

ҚКП ОК 20-шы шақырылым 3-шы пленумы жаңа өндіргіш күштерді дамыту, фискалдық және салық жүйесін реформалау, экономиканы қорғау сияқты салаларда жаңа шаралар енгізуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар