Қытайда көмір бункерінде жеті адам қаза тапты

шахта
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында жерасты көмір бункері опырылып, астында қалып қойған жеті кенші қаза тапты. Бұл туралы Синхуа агенттігі хабар таратты.

Провинция үкіметінің хабарлауынша, соңғы құрбанның мәйіті 06:23-те табылды, бұл Чжунян уезіндегі көмір өнеркәсіптік корпорациясының көмір кенішіндегі іздеу-құтқару жұмыстарының аяқталғанын білдіреді.

— Қайғылы оқиға дүйсенбі күні сағат 22:45 кезінде көмір шахтасында істен шыққан құрылғыға техникалық қызмет көрсету кезінде болды, нәтижесінде жеті кенші үйінді астында қалып қойды. Құлаған көмір қойманың астындағы су құбырларын зақымдап, салдарынан су атқылап, құтқару жұмыстарын қиындатты, - деді шахта меңгерушісі Гао Найчун.

Соңғы жаңалықтар