Қытайда көшкін салдарынан 47 адам үйінді астында қалды

ЮНЬНАНЬ. KAZINFORM - Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының ауылдық елді мекендерінде көшкін салдарынан 47 адам үйінді астында қалды. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы (CCTV) хабарлады.

оползни
Фото: Kazinform

CCTV мәліметінше, төтенше жағдай Юньнань провинциясының Чжэньсюн уезінде Бейжің уақытымен сағат 05:51-де болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан 18 үй шаруашылығы опырылып, шамамен 47 адам жер астында қалуы мүмкін деп шамаланып отыр.

Қауіпсіздік мақсатында 500-ге жуық жергілікті тұрғын эвакуацияланды.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Билік жоғалғандарды іздеуге 50-ден астам арнайы техника мен 300-ден астам маманды жұмылдырды.