Қытайда көшкін салдарынан қаза болғандар саны 20 адамға жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында көшкін салдарынан қаза болғандар саны 20 адамға жетті.

қытай
Фото: bbc.com

Жергілікті биліктің мәліметінше, дүйсенбі күні елдің оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының кентінде көшкін жүруі салдарынан қаза болғандар саны 20 адамға жетті. Табиғи апат салдарын жою бойынша жергілікті штабтың мәліметінше, 24 адам із-түссіз жоғалған.

Іздеу-құтқару жұмыстарына 1000-нан астам құтқарушы қосылды, олардың арасында кинологтар мен иттер бар. 150-ден астам техника бірлігі жұмылдырылған. Кенттің 918 тұрғыны қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Төтенше жағдай Юньнань провинциясындағы Чжаотун қаласы ауданында дүйсенбі күні Бейжің уақытымен сағат 06:00-де орын алды. Қазіргі кезде іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.