Қытайда көшкіннен кейін із-түзсіз кеткендердің бәрі өлдіге саналды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Юньнань провинциясында табиғи апат салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 44 адамға жетті, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі. 

лай көшкіні
Фото: Pexels

Бейсенбі сағат 20:04-тегі жағдай бойынша Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында 22 қаңтарда таудағы кентті басып қалған көшкіннен із-түзсіз жоғалғандардың бәрі қаза тапқан деп танылды.

Дүйсенбі күні таңғы 6:00 шамасында Чжаотун қаласына қарасты Чжэньсюн уезіндегі Ляншуй кентінде көшкін жүрді.

"Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары негізінен аяқталды" деп хабарлады апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі жергілікті штаб бейсенбі күні өткен брифингте.

Чжэньсюн уезінің басшысы Ян Сючуньнің мәлімдеуінше, көшкіннен кейін 223 үйден барлығы 918 адам басқа аймақтарға эвакуацияланған.

Ол қалада халықты алты айға көшіру шаралары қабылданғанын, табиғи апаттан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіру және қайта құру жоспары әзірленіп жатқанын атап өтті.

Жергілікті билік табиғи апаттардың қайталануын алдын алу үшін мониторинг пен ерте ескерту жұмыстарын да күшейтпек.